Е. Бекмахановтың өмірі мең қызметінің негізгі кезеңдері

Ермұқан Бекмаханов 1915 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген.

1922-25 жж. - Бастауыш мектепте оқиды.

1926-1932 жж. - Баянауылдағы комсомол жастарының мектебіңде оқиды.

1932-1933 жж. - Семейдегі бір жылдық дайындық курсында оқыды.

1933-1935 жж. - Тамбов педагогикалық институтының тарих факультетінің студенті.

1935-1937 жж. - Воронеж педагогикалық институтының студенті.

1937-1940 жж. - Алматыдагы № 28 орта мектептің мұғалімі, Қаз КСР ағарту халкомының құрамындағы педагогика ғылыми-зертте институтының ғылыми қызметкері, кейіннен директоры.

1939-1942 жж. - Абай атындағы педагогикалық институттың аспиранты.

1940-41 жж. - Москвадағы БКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебінде оқыды.

1941-1942 жж. - Қазақ КСР Оқу халық коммиссариатында мектептер басқармасының бастығы.

1942-1944 жж. - Қазақ КП Орталық Комитетінің лекторы.

1943-1948 жж. - Қазақ Ғылым академиясының тарих, археология және этнография институтында аға ғылыми қызметкер, институт директорының орынбасары.

1943 ж. - Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Хан Кенесары бастаған қазақтардың көтерілісі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

1946 ж. - Тарих ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін «XIX ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

1947 ж. - «XIX ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан» атты монографиясы жарыққа шықты.

1951-1952 жж. - Алматы облысы, Нарынқол ауданында, кейіннен Жамбыл облысы, Шу ауданының Новотроицк ауылында мектеп мүғалімі.

1952 ж. - 5 қыркүйекте қамауға алынды.

1954 ж. - ақталды.

1955 ж. - Қазақ мемлекеттік университетінің оқытушысы.

1957 ж. - тарих ғылымының докторы ғылыми дәрежесін екінші рет алу үшін «Қазақстанның Ресейге қосылуы» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады.

1958 ж. - Қазақ мемлекеттік университетінің «Қазақ КСР тарихы» кафедрасының меңгерушісі

1962 ж. -  Қаз КСР ҒА - корреспондент мүшесі болып сайланды.

1966 ж. - 6 мамырда Алматы қаласында қайтыс болды.

                   
Павлодар қ., С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Білім беруді ақпараттандыру орталығы
Авторлық құқықтар © 2013 Е.Бекмаханов сайты.