Ермұқан Бекмахановтың өмірбаяны


Авторлар:
Э.ғ.д. профессор Арын Е.М.
Т.ғ.д. профессор Артықбаев Ж.О.

Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов - көрнекті ғалым, қазақтан шыққан алғаш тарих ғылымының докторы, елімізде «Қазақстан тарихы» кафедрасының негізін қалаушы, профессор, Қазақ ССР ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, тарих ғылымының дамуына өз үлесін қосқан ғалым. Ұлтымыздың аяулы әрі сүйікті перзенті, халық тарихының жанашыры, ұлы тұлға Е. Бекмаханов 1915 жылы Баянауыл ауданының Жасыбай атты шұрайлы жерінде дүние есігін ашты. Кеңес дәуірінде Бекмахановтар әулетінің Абылайхан ұрпағы екені ашық айтылмады.. Тек бүгінгі күні ғана олардың ұлтымыздың мақтанышы Абылайдың тікелей ұрпақтары екендігін жұрт жақын біле бастады. Осы тақырыпты қазақ баспасөзінде алғашқы көтерген…

тақырыпты қазақ баспасөзінде алғашқы көтерген Шота Уалиханов былай деп жазады: «...Абылай ханның баласы Уәлидің кіндігінен он төр ұл ұзағаны белгілі. Соның біреуі – Тәуке. Тәукеден Жанпейіс, одан Жанбабек тараған. Жанбабек үш ұл көрген: Бегедай, Беген, Жошы. Бегеннен Бекмахан мен Жармұхамед тарайды.Бекмаханнан Тоқаш, Дінше және Ермұқан туады». Бекмахан Бегенұлының орта шаруасы бар шаңырағында дүниеге келген Ермұхан — Абылайханның жетінші буын ұрпағы. Ермұхан 1921 жылы әкесінен айырылады. Әкесіз калған 3 баласына бас - көз болып, шаңырақтың барлық ауырпалығын аналары Бәпіш бір өзі көтерген. Өкінішке қарай, Ермұханның анасы мен қарындасы зобалаң аштық нәубетінде ажал тауып, мүрделері қай жерде қалғаны белгісіз күйде. Әке мен анадан, қарындастан айрылған Ермұхан ағасы Діншенің қарамағы мен қамқорлығы арқасында мектепте оқып, білім алады.…

нәубетінде ажал тауып, мүрделері қай жерде қалғаны белгісіз күйде. Әке мен анадан, қарындастан айрылған Ермұхан ағасы Діншенің қарамағы мен қамқорлығы арқасында мектепте оқып, білім алады. 1932 жылы Баянауылдағы жеті жылдық мектепті тәмәмдаған соң, Ермұхан Семей қаласына жол тартады. Баян өңірінің оқу іздеген азаматтары үшін Семей қасиетті Мекке мен Мединеден кем емес. Бұл жолмен ағайынды Сәтбаевтар, Аймауытов пен Марғұлан т.б. сүйіндік-қаржастың оқимын деген, оқу білім жолына түскен талантты жастары өткен. Семей - талабы бар өрен жастардан ұлтқа қалтқысыз қызмет істейтін зиялы қауымды өсірген қала. Семейде Ермұқанға дейін оның туған ағасы Дінше оқыды. Бұл бір өнерлі жас еді. Ол қазақтың белгілі жазушысы  Дихан Әбілевпен қатар окиды. Замандастарының бәрі де Діншенің керемет өнерлі болганын гармон, мандолин, домбыра аспаптарында Баянның сұлу әндерін бабына келтіріп айтатын өнерпаз болғанын айтады.…

өнерлі жас еді. Ол қазақтың белгілі жазушысы  Дихан Әбілевпен қатар окиды. Замандастарының бәрі де Діншенің керемет өнерлі болганын гармон, мандолин, домбыра аспаптарында Баянның сұлу әндерін бабына келтіріп айтатын өнерпаз болғанын айтады. Е. Бекмаханов Семейде бір жылдық дайындық курсын бітіргенен кейін, 1933 жылы оку - ағарту халық комиссариатының жолдамасымен Воронеж қаласына сапар шегеді. Мұнда ол мемлекеттік педагогика институтының тарих факультетіне түсіп, оны 1937 жылы аяқтайды. Е. Бекмахановтың Тамбов пен Воронежде оқып жүрген өмір кезеңінен деректер аз. Воронеждің тарихи қала болғандығын және «Қазақтың Герадоты» аталған А. И. Левшиннің отаны екенін айтсақ артық болмас. Е. Бекмахановтың тарих ғылымына тереңнен келуі осы жылдары қалыптасты. Ол халық тарихы жөнінде өзіндік тұжырымдамалар жасау қабілетіне ие болды. Үнемі тың ізденіс, ыждаһатты даярлық, көп оқу оның бойындағы дарындылық пен зеректіктің отын маздата түседі. Әсіресе, ол тарихты шынайы түрде зерттеу идеясын өз…

айтсақ артық болмас. Е. Бекмахановтың тарих ғылымына тереңнен келуі осы жылдары қалыптасты. Ол халық тарихы жөнінде өзіндік тұжырымдамалар жасау қабілетіне ие болды. Үнемі тың ізденіс, ыждаһатты даярлық, көп оқу оның бойындағы дарындылық пен зеректіктің отын маздата түседі. Әсіресе, ол тарихты шынайы түрде зерттеу идеясын өз көкірегіне нық орната алған. Міне, Бекмахановқа осы қасиеті үлкен абырой - бедел әперді, елдің есінде, жұрттың аузында жүргізді, биік тұрғыға көтерілді. Е. Бекмаханов - ғұлама ғалымдығымен қатар тәлімгер ұстаз, ағартушы-педагог. Оның педагогикалық жолдағы қызметі Алматы қаласындағы № 28 мектептен бастау алады. Мектепте мұғалім болумен бірге ол 1937 жылы Алматыдағы педагогикалык ғылыми-зерттеу ииститутында (қазіргі Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы) еңбек етті. Өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түсе жүріп, халықтың оқу-білім меңгеруіне айрықша үлесін қосты. Е. Бекмаханов 1939-1940 жылдары аталмыш педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының дирек…

Алматыдағы педагогикалык ғылыми-зерттеу ииститутында (қазіргі Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы) еңбек етті. Өзінің ұйымдастырушылык қабілетімен көзге түсе жүріп, халықтың оқу-білім меңгеруіне айрыкша үлесін қосты. Е. Бекмаханов 1939-1940 жылдары аталмыш педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметін де атқарады. Уақытпен санаспай, атқарып жүрген қызметіне қарамай, ғылыммен де шұғылдануды ешқашан босансытпаған. Институт директорлығымен қоса Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Алматы университеті) аспирантурасында оқып, гүбегейлі ғылымға ден қойған. Аспирантурада ол Диқан Әбілев, Мэлік Ғабдулин, Әли Есмағанбетов, Дүйсенбек Еркімбеков сияқты белгілі азаматтармен оқыды.…

Диқан Әбілев, Мәлік Ғабдулин, Әли Есмағанбетов, Дүйсенбек Еркімбеков сияқты белгілі азаматтармен оқыды. Аспирантураны ойдағыдай тәмәмдаған ол 1940-1941 жылдары БКП(б) Орталық Комитеті жанындағы жоғары партия мектебінде оқиды. Е. Бекмаханов өзінің ғылыми ізденісін еш тоқтатпай, жетілдіре түсуге ұмтылған. Ұлы Отан соғысы жылдарында әртүрлі оқу орындарында тарих пәнінен дәрістер оқиды. Оның бұл қызметі өмірінің соңына дейін жалғасты. Е. Бекмахановтың өмір тарихына шола қарасақ, ол 1941-1942 жылдары Қазақ КСР Оку халық комиссариатында мектептер басқармасының бастығы, 1942-1944 жылдары Қазақ КП Орталық Комитетінің лекторы, 1943-1948 жылдары Қазақ Ғылым академиясының тарих, археология және этнография институтында аға ғылыми қызметкер, институт директорының орынбасары болып қызмет атқарады. Оның ғылым жолындағы алғашқы ізденістері педагогика саласымен тығыз байланысты. Ғалым Е. Бекмаханов қазақ мектептері үшін тұңғыш ежелгі дүние тарихы мен КСРО халықтары тарихы бойынша әдістемелік-құралда…

тарих, археология және этнография институтында аға ғылыми қызметкер, институт директорының орынбасары болып қызмет атқарады. Оның ғылым жолындағы алғашқы ізденістері педагогика саласымен тығыз байланысты. Ғалым Е. Бекмаханов қазақ мектептері үшін тұңғыш ежелгі дүние тарихы мен КСРО халықтары тарихы бойынша әдістемелік-құралдар жасауға белсенді қатысады. Аталмыш ғылыми еңбектер 1938-1939 жылдары «Халық мұғалімі» (қазіргі «Қазақстан мектебі») журналында жарияланып, ұстаздардың ғана емес, сондай-ақ былайғы жұрттың да қызығушылығын тудырды. Е. Бекмахановтың тарих ғылымына басы бүтін ден қоюы соғыс кезеңімен тұспа-тұс келді. Оның тарих ғылымындағы алғашқы қадамдарына, кейін үлкен арнаға ұласуына қамқорлық жасап, жетекшілік еткен КСРО ғылым академиясының академигі, белгілі тарихшы Анна Михайловна Панкратова болған еді. Академик-тарихшы жас ғалымға бағыт-бағдар беріп, ғылыми ізденісінің жетілуіне көп ықпал етті. Деректерге көз жүгіртсек, 1941 жылдың күзінде Мәскеу түбіндегі қауіпті жағдайға б…

ғылымындағы алғашқы қадамдарына, кейін үлкен арнаға ұласуына қамқорлық жасап, жетекшілік еткен КСРО ғылым академиясының академигі, белгілі тарихшы Анна Михайловна Панкратова болған еді. Академик-тарихшы жас ғалымға бағыт-бағдар беріп, ғылыми ізденісінің жетілуіне көп ықпал етті. Деректерге көз жүгіртсек, 1941 жылдың күзінде Мәскеу түбіндегі қауіпті жағдайға байланысты Ресейдің ірі тарихшы-ғалымдарының тобы Алматыға жіберілген. Орталықтан келген тарихшылардың ішінде А.М. Панкратовадан басқа М. П. Вяткин, Н. М. Дружинин, Я. Я. Зутис, А. П. Кучкин сияқты тамаша мамандар болды. Іскер ғалым А. Панкратова олардың бәрін шоғырландырып, соғыс талабына сай ғылыми жұмысқа пайдалануды ұсынады. Бұл идеяның басы-қасында сол кезде Оқу халық комиссариатында қызмет істейтін Е. Бекмаханов та жүреді. Сөйтіп, Ресей мен Қазақстан ғалымдарының үлкен тобы алдымен мектеп мүғалімдері үшін соғыс жағдайында тарих пәнінің оқыту әдістемесін аз уақытта жасап шығарады. Аталмыш әдістемелік құрал тез арада баспаға жіб…

ғылыми жұмысқа пайдалануды ұсынады. Бұл идеяның басы-қасында сол кезде Оқу халық комиссариатында қызмет істейтін Е. Бекмахановта жүреді. Сөйтіп, Ресей мен Қазақстан ғалымдарының үлкен тобы алдымен мектеп мүғалімдері үшін соғыс жағдайында тарих пәнінің оқыту әдістемесін аз уақытта жасап шығарады. Аталмыш әдістемелік құрал тез арада баспаға жіберіліп, тіпті Өзбекстанда да жарық көреді. Бұдан соң, ресейлік тарихшылар мен жергілікті ғалымдар тобы бірлесе отырып, ерте дүниеден бастап сол кезге дейінгі қазақ тарихының бір томдығын жазуға кіріседі. Орыс ғалымдарының көпшілігі қазақ тарихын толыққанды білмейтін. олар Алматы мұрағаттарынан, Ұлтгық кітапханадан мағлұматтар арнауға мүмкіндік алады. Осы жұмыстарға араласқан ғалымдардың ішінде ең жасы әрі көзге түсер, көңілден шығар іс атқарғаны Е: Бекмаханов болған. «Қазақ КСР тарихын» дайындау барысында үлкен дау туғызған мәселе 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлының көтерілісіне байланысты - өрбиді. Авторлар ұжымының өзара талқысынан соң, Е.…

кітапханадан мағлұматтар арнауға мүмкіндік алады. Осы жұмыстарға араласқан ғалымдардың ішінде ең жасы әрі көзге түсер, көңілден шығар іс атқарғаны Е. Бекмаханов болған. «Қазақ КСР тарихын» дайындау барысында үлкен дау туғызған мәселе 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлының көтерілісіне байланысты өрбиді. Авторлар ұжымының өзара талқысынан соң, Е. Бекмахановтың көзқарасы көпшілік қолдауына ие болып, кітаптың сол тарауын жазу оған жүктеледі. «Қазақ КСР тарихының» бір томдығы 1943 жылы Алматыды басылып шықты. Бұл еңбек Кеңестік республикалардың тарихын зерттеудегі алғашқы жұмыс болумен ерекшеленеді. Сондай -ақ, оны жасауға беделі зор, білімі мол ғалымдардың қатысуы - кітаптың маңызын арттырды.…

ғалымдардың қатысуы - кітаптың маңызын арттырды. Ол - ол ма, «Қазақ КСР тарихы» сталиндік сыйлыққа да ұсынылды. Бұл ұсыныс сарапшылардың сынынан сүрінбей өткенімен, авторлар қуанышы ұзаққа созылмады. Кітаптың мазмұндық мәселесі үлкен дауға ұласып, Е. Бекмаханов үшін бүл мәселе трагедияға айналды. Сталиндік сыйлық жөніндегі комитеттің соңғы мәжілісінде КСРО Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Яковлев «Қазақ КСР тарихы» орыстарға қарсы жазылған, саяси жағынан зиянды кітап деген орынсыз пікірлер айтып, сарапшылардың ойын сан-саққа аударады. Нәтижесінде сыйлық берілмейтін болып шешіледі. Яковлевтің айтуынша «Отан тарихы - біртұтас КСРО тарихы, яғни «орыс ұлты тұрғысынан» жазылған тарих болуы керек, әр республиканың, жеке ұлттық тарихын жасау зиянды, интернационализм пікіріне сай келмейді-мыс». Әрине, оның көзқарасы - шовинистік тұрғыдағы шатпақтар екені сөзсіз.…

біртұтас КСРО тарихы, яғни «орыс ұлты тұрғысынан» жазылған тарих болуы керек, әр республиканың жеке ұлттық тарихын жасау зиянды, интернационализм пікіріне сай келмейді-мыс». Әрине, оның көзқарасы - шовинистік тұрғыдағы шатпақтар екені сөзсіз. Кітап төңірегіндегі теріс пікірлердің ауыртпалығы алдымен Е. Бекмахановқа түседі. Е. Бекмаханов 1943 жылы Мәскеуде «Қазақтардың Кенесары Қасымұлы басқарған азаттық күресі» тақырыбы бойынша жүргізген зерттеулері негізінде кандидаттық диссертациясын қорғайды. Ал, 1946 жылы небәрі 31 жасында «Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында» тақырыбындағы докторлық жұмысын қорғап, оны 1947 жылы жарыққа шығарады.…

шығарады. Алайда, Кенесары бүлігін сынаушылар Е. Бекмахановтың монографиясын қатал сынға ала бастайды. «Қазақ КСР тарихына» бағыт алған сын-пікірлер енді оның монографиясына ойысады. Жергілікті сыншылар үшін «Қазақ КСР тарихы» авторларына, беделді Мәскеулік ғалымдарға соқтығудан гөрі монография авторына «Қамшы ала жүгіру» тиімді керінді. Әуелі, жалақор-сыншылар Е.Бекмаханов өзге біреудің қолжазбасын «ұрлап, көшірген» деп жала жапты. Алайда істің анық-қанығына тексеру жүргізген академик Дружинин «көшіріп алған» деген пікірді мүлде теріске шығарып берді. 1948 жылдың ақпанында КСРО Ғылым академиясының тарих институт ғылымында Е. Бекмахановтың монографиясы талқыға салынады. Талқылауда қазақстандыктар Кенесары Қасымұлы көтерілісі «реакцияшыл, феодалдық - монорхиялық, ұлтшылдық» сипатта деген «ортақ пікір» білдіріп тұрып алады. Оларға Бахришин, Дружинин, Вяткин жэне Кучкиндер қарама-карсы шығып, академик Греков автордың жеке басына соктығу, оны буржуазияшыл, ұлтшыл деп айыптау, ғылыми…

ғылымында Е. Бекмахановтың монографиясы талқыға салынады. Талқылауда қазақстандыктар Кенесары Қасымұлы көтерілісі «реакцияшыл, феодалдық - монорхиялық, ұлтшылдық» сипатта деген «ортақ пікір» білдіріп тұрып алады. Оларға Бахришин, Дружинин, Вяткин жэне Кучкиндер қарама-карсы шығып, академик Греков автордың жеке басына соктығу, оны буржуазияшыл, ұлтшыл деп айыптау, ғылыми пікірталасқа жат әрекет екендігіне көңіл аударады. ғылымында Е. Бекмахановтың монографиясы талқыға салынады. Талқылауда қазақстандыктар Кенесары Қасымұлы көтерілісі «реакцияшыл, феодалдық - монорхиялық, ұлтшылдық» сипатта деген «ортақ пікір» білдіріп тұрып алады. Оларға Бахришин, Дружинин, Вяткин жэне Кучкиндер қарама-карсы шығып, академик Греков автордың жеке басына соктығу, оны буржуазияшыл, ұлтшыл деп айыптау, ғылыми пікірталасқа жат әрекет екендігіне көңіл аударады. Сонымен, 1948 жылы Мәскеуде өткен ақпан кеңесі Е. Бекмахановқа төнген қауіпті сейілткендей болды. Өкінішке қарай дау-жанжал онан соң да өрши түсед…

алады. Оларға Бахришин, Дружинин, Вяткин және Кучкиндер қарама-карсы шығып, академик Греков автордың жеке басына соктығу, оны буржуазияшыл, ұлтшыл деп айыптау, ғылыми пікірталасқа жат әрекет екендігіне көңіл аударады. Сонымен, 1948 жылы Мәскеуде өткен ақпан кеңесі Е. Бекмахановқа төнген қауіпті сейілткендей болды. Өкінішке қарай дау-жанжал онан соң да өрши түседі. 1948 жылдың 14-19 шілде аралығында Қаз КСР ҒА тарих, этнология жэне археология институтында ғалымның «Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жж.» монографиясын тағы да талқылауға салды. Бес күндік талқылауда оның еңбегін сынаушылар өте қатал пікірлерге жол берді. Пікірлерге ден қойсақ, «Е. Бекмахановтың кітабы - мазмұны жағынан негізсіз, буржуазияшыл-ұлтшылдық сарындағы идеясыз еңбек, еңбек ғылыми жағынан зиянды» деген сықылды болып келеді.…

Бекмахановтың кітабы - мазмұны жағынан негізсіз, буржуазияшыл-ұлтшылдық сарындағы идеясыз еңбек, еңбек ғылыми жағынан зиянды» деген сықылды болып келеді. Қазақ «ұлтшылдарына» қарсы майдан мүлдем бой бермей, Е. Бекмаханов 1951 жылы ірі саяси қателіктері үшін ҚазМУ-дің КСРО тарихы кафедрасы профессорлығынан шығарылады, университеттен қуылып, ғылыми-атақ дәрежелерінен айырды. Қазақстандағы тұңғыш Қазақстан тарихы кафедрасының ашылуы да Е. Бекмахановтың тағдырымен байланысты болғанына көз жеткізу қиын емес. «Ұлтшылдарды әшкерелеудің» ала-сапыран тұсында Қазақ КСР тарихы кафедрасы да жабылып, тек 1958 жылы, яғни Е. Бекмаханов айдаудан оралған соң ғана қайта жұмысын бастаған. Е. Бекмаханов бұдан кейін де КГБ-нің «кұрығына» ілігіп, бақылауда болады. Ол аласапыран осы уақытта Алматы облысы, Нарынқол ауданындағы мектепте, онан соң, Жамбыл облысы, Шу ауданындағы бір ауылда тарих пәнінен мұғалім болады. Соңғысында жүргенде, яғни 1952 жылы тұтқындалып, 25 жылға сотталады. Қазақ тарихының ірі бі…

яғни Е. Бекмаханов айдаудан оралған соң ғана қайта жұмысын бастаған. Е. Бекмаханов бұдан кейін де КГБ-нің «кұрығына» іліғіп, бақылауда болады. Ол аласапыран осы уақытта Алматы облысы, Нарынқол ауданындағы мектепте, онан соң, Жамбыл облысы, Шу ауданындағы бір ауылда тарих пәнінен мұғалім болады. Соңғысында жүргенде, яғни 1952 жылы тұтқындалып, 25 жылға сотталады. Қазақ тарихының ірі білғірі , ойы сұңғыла ғалым Е.Бекмаханов сталиндік қуғын - сүрғіннің, шовинистік көзқарастың кұрбаны болды. Кенжелеп қалған тарих ғылымын қаз-қаз бастыру жолында маңдай терін төғе еңбек еткен оның есімі тасаланып, мұралары жоққа шығарылды. Идеологиялық шеңберге мойынсұнбаған ғалым өзінің нағыз дер шағын тұтқында өткізді. Оның тұтқындалуымен бірге қазақ тарихы да қапасқа қамалды, тарихи мұраларымыздың орны үңіейіп қалды. Кеңес дәуірі халықтың, ұлттың тарихшыларын емес, жетекке еріп, айтқанға көніп, шектеулі жұмыстармен ғана айналысатын «партияның сенімді тарихшьшарын» жасақтауға тырысты. Турасы керек, бұл…

шағын тұтқында өткізді. Оның тұтқындалуымен бірге қазақ тарихы да қапасқа қамалды, тарихи мұраларымыздың орны үңігейіп қалды. Кеңес дәуірі халықтың, ұлттың тарихшыларын емес, жетекке еріп, айтқанға көніп, шектеулі жұмыстармен ғана айналысатын «партияның сенімді тарихшыларын» жасақтауға тырысты. Турасы керек, бұл принципке көнбегендердің «көзіне көк шыбын үймелетіп», айдауға салды, әулетімен қудалады, әуре – сарсаңға салып қойды. Қатаң бақылау жасап, олардың нақты тарихи дүниелерді жазуына тыйым салды. 1953 жылдағы өзгерістердің нәтижесінде КСРО-ның бас прокуроры Е. Бекмахановтың ақтау қағазына қол қояды. Алайда, айтулы ғалымның өмірі бұдан кейін де тынышсыздыққа толы болды. Ол 1954 жылы ҚазМУ-ге қайта орналасып, тек аға оқытушылық қызметін ғана атқарды. Жеке үй-жайы болмай, жалдап тұруға мәжбүр болды. Осындай әділетсіздіктердің бәріне де тоқырамай, тозбай, қайыспай қарсы тұра білген ғалым ғылыми ізденісін де тоқтатпады. Бойдағы бар күш-жігер, акыл-ойын ғылыми ізденістерге арнады.…

1953 жылдағы өзгерістердің нәтижесінде КСРО-ның бас прокуроры Е. Бекмахановтың ақгау қағазына қол қояды. Алайда, айтулы ғалымның өмірі бұдан кейін де тынышсыздыққа толы болды. Ол 1954 жылы ҚазМУ-ге қайта орналасып, тек аға окытушылық қызметін ғана атқарды. Жеке үй-жайы болмай, жалдап тұруға мәжбүр болды. Осындай әділетсіздіктердің бәріне де тоқырамай, тозбай, қайыспай қарсы тұра білген ғалым ғылыми ізденісін де тоқтатпады. Бойдағы бар күш-жігер, акыл-ойын ғылыми ізденістерге арнады. 1957 жылы Мэскеудегі «Ғылым» баспасынан оның «Қазақстанның Ресейге қосылуы» атты көлемді жаңа монографиясы жарыққа шықты. Осыдан кейін оған докторлык ғылыми дәреже мен профессорлық атағы кайтарылып берілді.…

ғалымның өмірі бұдан кейін де тынышсыздыққа толы болды. Ол 1954 жылы ҚазМУ-ге қайта орналасып, тек аға окытушылық қызметін ғана атқарды. Жеке үй-жайы болмай, жалдап тұруға мәжбүр болды. Осындай әділетсіздіктердің бәріне де тоқырамай, тозбай, қайыспай қарсы тұра білген ғалым ғылыми ізденісін де тоқтатпады. Бойдағы бар күш-жігер, акыл-ойын ғылыми ізденістерге арнады. 1957 жылы Мәскеудегі «Ғылым» баспасынан оның «Қазақстанның Ресейге қосылуы» атты көлемді жаңа монографиясы жарыққа шықты. Осыдан кейін оған докторлык ғылыми дәреже мен профессорлық атағы кайтарылып берілді. 1958-1966 жылдары ғалым алаңсыз еңбек етті. Осы жылдары ол ойында жүрген орасан көп, ұшан-теңіз идеяларын іске асыруға тырысты. Оның редакторлығымен бірнеше ғылыми жинақтар жарияланды. Ғалымның жетекшілігімен тың тақырыптарға зерттеулер жүргізіліп, оқулықтар даярланды, ғылыми Кеңес ашылып, одақтық ғылыми кеңестер мен конференциялар ұйымдастырылды. Е. Бекмаханов 1962 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясына корреспондент-мүше…

ұшан-теңіз идеяларын іске асыруға тырысты. Оның редакторлығымен бірнеше ғылыми жинақгар жарияланды. Ғалымның жетекшілігімен тың тақырыптарға зерттеулер жүргізіліп, оқулықтар даярланды, ғылыми Кеңес ашылып, одақтық ғылыми кеңестер мен конференңиялар ұйымдастырылды. Е. Бекмаханов 1962 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясына корреспондент-мүше болып сайланды. Оның ойы Қазақстан тарихын еліміздің барлық жоғары оқу орындарында енгізу еді. Ол соңғы жылдары ғана іске асты. Тарихымыздың айтулы білгірі, тарлан талант Е. Бекмахановтың асыл түлғасы кейінгі уақытқа дейін өзінің бағасын ала алмай келгені өкінішті. Ғалым жанын сала зерттеген Кенесары Қасымүлының болмысы, азаттық қозғалысы бүгінгі егеменді еліміздің тарихындағы айрықша кезең болып, өз бағасын алып отыр. Кенесары хан қазақ кәгіне көтеріліп, ұлттык мақтанышқа айналды. Ал, оның тарихымыздың төрінен орын алуына Е. Бекмахановтың ерен еңбегінің тікелей ықпал еткені сөзсіз.…

болмысы, азаттық қозғалысы бүгінгі егеменді еліміздің тарихындағы айрықша кезең болып, өз бағасын алып отыр. Кенесары хан қазақ көгіне көтеріліп, ұлттық мақтанышқа айналды. Ал, оның тарихымыздың төрінен орын алуына Е. Бекмахановтың ерен еңбегінің тікелей ықпал еткені сөзсіз. Ұлы ғалым 1966 жылы небәрі 51 жасында көз жұмды. Ғұмырының келте болуына қуғын - сүргіннің, айдаудағы азаптардың себеп болғанын айтудың өзі ауыр өкініш әкеледі. Алмас қылыштай ақиқат заман тудырған талантты тұлғаларымызды ақтап алды. XX ғасырдың соңында қарай, уақыттың алтын күрек желі оңынан тұрып, әлеуметтік өміріміздің ғана емес, санамызда жаңғыра бастады. Ақталған арыстармен бірге қазыналы мұра тарихымыз бен әдебиетімізге, мәдениетімізге қайтып оралды. Маңызы зор қайта оралған дүниелермен жадымыз жаңғыра, мауқымыз басылды. Ұлтымыздың рухани қазынасы толысты. Қоғамдық өміріміздегі тегеуірінді сілкініс өткен тарихымызға жалтақсыз мойын бұрғызып, шыңдықтың жүзіне қаймықпай тура қарауға, келешекке нық сенімме…

арыстармен бірге қазыналы мұра тарихымыз бен әдебиетімізге, мәдениетімізге қайтып оралды. Маңызы зор қайта оралған дүниелермен жадымыз жаңғыра, мауқымыз басылды. Ұлтымыздың рухани қазынасы толысты. Қоғамдық өміріміздегі тегеуірінді сілкініс өткен тарихымызға жалтақсыз мойын бүрғызып, шыңдықтың жүзіне қаймықпай тура қарауға, келешекке нық сеніммен қадам басуға септік жасап отыр. Халқымыздың көрнекті қаламгері, академик Ғ. Мүсірепов өзінің бір жазбасында «Тарихты жасаушы бар және жазушы бар. Жасаушы қателессе, жазушы оны түземеймін деп әуре болмаса керек» деген мәні зор қағида келтіреді. Бұл- өткен тарихты бұрмаламай, айқын түрде және ешбір қоспасыз жеткізуге байланысты айтылған сөз екенін әркім де жақсы түсінер. Міне, тамыры терең тарихымызды сондай өреде жаза білген, қазақтың тарих ғылымын қалыптастыруға ерекше еңбегін сіңірген біртуар түлға-Ермұхан Бекмаханүлы еді...…

қоспасыз жеткізуге байланысты айтылған сөз екенін әркім де жақсы түсінер. Міне, тамыры терең тарихымызды сондай өреде жаза білген, қазақтың тарих ғылымын қалыптастыруға ерекше еңбегін сіңірген біртуар түлға-Ермұхан Бекмаханүлы еді... Е. Бекмаханов - идеологиялық тар шеңберге илікпеген талантты тарихшы. Оның асқақ тұлғасы, әйгілі есімі қазақ көгінде алтын әріптермен мәңгіге жазылып қала бермек. Ол - біртуар ғажайып, данышпан ғалым. Бүгінгі әрбір ұрпақ оның есімін, еңбегін қадір тұтып өссе - өмірлеріне үлкен өнеге болары сөзсіз.…

                   
Павлодар қ., С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Білім беруді ақпараттандыру орталығы
Авторлық құқықтар © 2013 Е.Бекмаханов сайты.